Все сервисы
Enbek
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 6 мамырдағы № 76 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31809 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
1-тармақтың бесінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1-тармақтың бесінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеге дейін осы бұйрықтың 4-тармағының редакциясында қолданылады
1) цифрлық автоматтандырылған деректер базасы (бұдан әрі - цифрлық жүйе) - құқық қорғау қызметіне түсу мәселелері бойынша персоналды жоспарлауға, іріктеуге (қабылдауға) және басқаруға байланысты қызметті автоматтандыруға арналған ақпаратты жинауды, сақтауды, беруді және өңдеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешен.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақтың жетінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1-тармақтың жетінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеге дейін осы бұйрықтың 4-тармағының редакциясында қолданылады