Все сервисы
Enbek
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) мынадай мазмұндағы 127-3-баппен толықтырылсын:
«127-3-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасын бұзу
1. Білім беру ұйымдары жəне (немесе) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының жəне (немесе) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) баланы жəбірлеу (буллинг) туралы ақпаратты қабылдау жəне (немесе) баланы жəбірлеу (буллинг) белгілерін анықтау жөніндегі əрекеттерді жүзеге асыру жəне (немесе) оларға ден қою тəртібін сақтамау;
2) зорлық-зомбылыққа жəне (немесе) қатыгездікпен қарауға жəне (немесе) жəбірлеуге (буллингке) ұшыраған жəне (немесе) зорлық-зомбылықтың куəсі болған кəмелетке толмағандарға көмек көрсетпеу;
3) қадағалаусыз жəне панасыз қалған балаларға жəне (немесе) арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін балаларға жəне (немесе) əлеуметтік бейімсіздікке жəне əлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы əлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға жəне (немесе) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына жіберілетін жетім балаларға жəне (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиісті құжаттар бермеу түрінде жасаған бұзуы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) жетім баланы (жетім балаларды) жəне (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жəрдемақы төлеу мерзімдерін жəне (немесе) мөлшерін жəне (немесе) оны тоқтату негіздерін бұзу;
2) неке-отбасы заңнамасының талаптарына сай келмейтін қорғаншыларды немесе қамқоршыларды жəне (немесе) баланы қабылдайтын ата-аналарды жəне (немесе) баланы қабылдайтын кəсіптік тəрбиешілерді жəне (немесе) патронат тəрбиешілерді тағайындау;
3) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда балалардың болу мерзімдерін бұзу түрінде жасаған бұзуы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Білім беру ұйымдары басшыларының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру тəртібін сақтамау;
2) білім беру ұйымдарына дəлелсіз себептермен бармайтын кəмелетке толмағандарды есепке алудың болмауы;
3) баса назар аударуды талап ететін кəмелетке толмағандарға педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асырмау түрінде жасаған бұзуы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші, екінші жəне үшінші бөліктерінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тəрбиеленетін жəне білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын:
1) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау шеңберінде келіп түскен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды қарамау не уақтылы қарамау, сол сияқты конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер жəне түсіндірулер туралы сұрау салулар болған кезде оны алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мəтінін мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастырмау не уақтылы орналастырмау;
2) конкурсқа қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына жəне конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін тиісінше ресімделмеген құжаттарды сəйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салуды жіберуі жəне өзге де əрекеттері;
3) көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттарын қолданбау бөлігіндегі талаптарды бұзу, сол сияқты оларды дұрыс есептемеу;
4) əлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат берген жағдайда, тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының не сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының əлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі;
5) білім алушылар мен тəрбиеленушілерді үздіксіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін сатып алуды белгіленген мерзімнен асыра жүзеге асыру;
6) əлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін уақтылы қарамау, сол сияқты алдын ала рұқсат беру хаттамасын жəне (немесе) қорытындылар хаттамасын уақтылы орналастырмау түрінде жасалған бұзушылық -
лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер -
лауазымды адамдарға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта лауазымды адамдар деп - бірінші басшылар, ал олар болмаған жағдайда басшылардың міндеттерін атқару тиісті бұйрықтармен жүктелген, оларды алмастыратын орынбасарлары түсінілуі керек.
2. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін лауазымды адамдар деп:
1) 1) жəне 4) тармақшаларда - сатып алуды ұйымдастырушының, сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшылары немесе сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу рəсімдерін жүзеге асыруға жауапты, олардың міндеттерін атқаратын адамдар;
2) 2), 3) жəне 6) тармақшаларда - конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері;
3) 5) тармақшада бірінші басшы не жүктелген өкілеттіктерге сəйкес шешім қабылдаған адам түсінілуі керек.»;
2) 214-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«214-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу
1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын мəліметтерді тіркеп-белгілеу, мəліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде бұзуы -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз он, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қаржы мониторингі субъектілерінің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3 жəне 5-тармақтарында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен жəне (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты уақтылы бермеуі -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - алпыс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз сексен, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз тоқсан, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына бес жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қаржы мониторингі субъектілерінің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3 жəне 5-тармақтарында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен жəне (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты бермеуі, көрінеу анық емес ақпарат беруі -
жеке тұлғаларға - жетпіс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз он, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз отыз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мəліметтер мен құжаттарды уақтылы бермеуі -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз он, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз сексен, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты бермеуі, анық емес ақпаратты, мəліметтер мен құжаттарды беруі -
жеке тұлғаларға - қырық бес, лауазымды адамдарға, нотариус тар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның сұрау салуы бойынша «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабының 5-тармағында көзделген мəліметтер мен құжаттарды уақтылы ұсынбау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - қырық, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның сұрау салуы бойынша «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабының 5-тармағында көзделген ақпаратты бермеу, анық емес мəліметтер мен құжаттарды ұсыну -
жеке тұлғаларға - қырық бес, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз он, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз сексен, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді (олардың өкілдерін) жəне бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдамауы -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз он, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз сексен, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдас тыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын ақшамен жəне (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шараларды қабылдау жəне (немесе) ақшамен жəне өзге мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты беру бөлігінде бұзуы -
жеке тұлғаларға - жетпіс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз тоқсан бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз отыз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан жəне ақшамен жəне (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту жəне (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан жəне ақшамен жəне (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тартулар туралы ақпарат беру жөніндегі міндеттерді орындамауы -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз он, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз сексен, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларында бекітілген, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау жəне оқыту бағдарламасын орындамауы -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз он, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
12. Қаржы мониторингі субъектілерінің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен жəне (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты уақтылы бермеуі -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз алпыс, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
13. Қаржы мониторингі субъектілерінің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен жəне (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты бермеуі, анық емес ақпаратты беруі -
жеке тұлғаларға - қырық бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
14. Қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның шешімі бойынша қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттер операцияларын тоқтата тұрмауы -
жеке тұлғаларға - жетпіс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз он, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз отыз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
15. Ішкі бақылау қағидаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сəйкес келмеуі -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бір жүз он, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз сексен, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз жиырма, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
16. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларын əзірлеу жəне қабылдау жөніндегі міндеттерді орындамауы -
жеке тұлғаларға - бір жүз жиырма, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз тоқсан бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз қырық бес, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
17. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттеріне жəне өзге де тұлғаларға қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органға осындай клиенттер мен өзге де тұлғаларға қатысты қолданылатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы ақпаратты, мəліметтер мен құжаттарды бергені немесе одан алғаны туралы хабарлауы -
жеке тұлғаларға - жетпіс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз он, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз отыз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына алты жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
18. Осы баптың бірінші, үшінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он үшінші, он төртінші, он алтыншы жəне он жетінші бөліктерінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер (əрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз жиырма бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз жетпіс бес, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
19. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы жəне он жетінші бөліктерінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш жəне одан көп рет жасалған əрекеттер (əрекетсіздік) -
алты айға дейінгі мерзімге лицензияның немесе біліктілік аттестатының (куəлігінің) қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып немесе үш айға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - төрт жүз елу, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - тоғыз жүз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына бір мың сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
1-баптың 3) тармақшасының екінші - жиырма тоғызыншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) мынадай мазмұндағы 411-1 жəне 434-3-баптармен толықтырылсын:
«411-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша азаматтық қорғау іс-шараларын орындамау
1. Мынадай:
1) халыққа жəне ұйымдарға азаматтық қорғау саласындағы шаралар туралы хабарламау;
2) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құруды қамтамасыз етпеу, оларды материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруды ұйымдастырмау;
3) қауіпті өндірістік факторлар зиянды əсер еткен жағдайда оларды оқшаулау, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, меншікті күзету, қоғамдық тəртіпті ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша қолда бар күштерді, құралдар жəне ресурстарды тарта отырып, қажетті көмек көрсетпеу;
4) азаматтық қорғауды басқарудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарын құруды жəне оларды ұдайы əзірлікте ұстап тұруды қамтамасыз етпеу;
5) азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу жəне олардың салдарын жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын бекітілген бюджеттік мақсаттарға сай қамтамасыз етпеу;
6) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындамау жəне оларды жинақтау, сақтау, жаңартып отыру жəне əзірлікте ұстап тұру бойынша қажетті шараларды қабылдамау;