Все сервисы
Enbek
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйекте № 435 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Е. Нағаспаев |
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
2026 жылғы 1 қыркүйекте
№ 435 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 9 маусымдағы
№ 424 бұйрығына
қосымша
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімі
1. Қосарланған мақсаттағы тауарлар мен технологиялар

Добавить в список основных источников в Google