Все сервисы
Enbek
Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 3 Қаулысы
(2026.16.01. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 06-17/24 ұсынысына сәйкес, облыс аумағын, өсімдік және өсімдік текті өнімдерін карантиндік нысандардың таралуынан қорғауды қамтамасыз ету, карантиндік нысандардың таралу ошақтарын дер кезінде анықтау, оқшаулау және толық жою мақсатында Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақ белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Ә. Бекеновке жүктелсін.
Демо – версия документа