Все сервисы
Enbek
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 145 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ақы төлеу лимфоидты және қан өндіру тіндерінің қатерлі ісіктері бар науқастарды қоспағанда, қатерлі ісіктермен емделіп шығу жағдайының күрделілік деңгейін ескере отырып, клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтерге арналған тарифтер;»;
көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1,2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 7, 8 және 9-қосымшалар осы бұйрыққа 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 21-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Демо – версия документа