Все сервисы
Enbek
Исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу, оларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ жоюдың қорытындылары туралы есептердi қарау қағидаларын, Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 298 Қаулысы
(2026.22.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.07.09. № 127 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 22 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 32-3-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу, оларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ жоюдың қорытындылары туралы есептердi қарау қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидалары бекітілсін.
2. «Исламдық бағалы қағаздарды шығару, айналысқа жіберумен өтеу және оларды мемлекеттік тіркеу, орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау және исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою қағидаларын, сондай-ақ Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 251 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13006 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Добавить в список основных источников в Google