Все сервисы
Enbek
«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2024 - 2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 1019 Қаулысы
(2026.29.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2024 - 2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жылдың қорытындысы бойынша 1 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 1 мамырдан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын және өзінің интернет-ресурсында орналастырып тұрсын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2021 - 2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 479 қаулысы;
Демо – версия документа