Все сервисы
Enbek
Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 864 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 143 бірлескен бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет және Ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
С. Жумангарин |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы |
Е. Сарсембаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика
және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
Премьер-Министрінің
орынбасары - Ұлттық
экономика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 143 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 864 бірлескен бұйрыққа
қосымша
Күші жойылған кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі

Добавить в список основных источников в Google