Все сервисы
Enbek
Цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтер сауда платформасы операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 37 Қаулысы
(2026.14.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2026.27.08. № 109 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 49-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтер сауда платформасы операторларының қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
2026 жылғы 12 шілдеге дейін:

Добавить в список основных источников в Google