Все сервисы
Enbek
Ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығы
(2023.20.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 13 мамырдағы № 58-н/қ бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден, 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Энергетика министрінің 2021.22.04. № 144 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің 2020.01.04. № 122 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.03.09. № 282 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кiрiспе жаңа редакцияда
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің 2021.22.04. № 144 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;