Все сервисы
Enbek
Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 17 шілдедегі № 170 бұйрығы
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарға қажетті, Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын есептілік нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
А. Қасенов |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2026 жылғы 17 шілдедегі
№ 170 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат
қорының интернет-ресурсына орналастыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

Добавить в список основных источников в Google