Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция
Старая версия сайта

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 -III Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 -III Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының
Конституциялық Заңы

 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы

(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ

1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасы

3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін бекіту

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ

4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану тәртібі

5-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын және басқа да туларды Қазақстан Республикасының аумағында бір мезгілде пайдалану

3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ

6-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану тәртібі

7-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын және басқа да елтаңбаларды Қазақстан Республикасының аумағында бір мезгілде пайдалану

4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ

8-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану тәртібі

9-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау тәртібі

5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ

10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

11-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері саласындағы уәкілетті органдардың құзыреті

12-бап. Жергілікті атқарушы органның құзыреті

6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

13-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру

14-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау

15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

16-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1-қосымша. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

2-қосымша. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

3-қосымша. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің мәтіні

 

 

 

2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «нышандары», «нышандарының», «нышандарын», «нышандарына» деген сөздер тиісінше «рәміздері», «рәміздерінің», «рәміздерін», «рәміздеріне» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара); 2012.28.06. № 23-V ҚР Конституциялық Заңымен бүкіл мәтін бойынша «мемлекеттік стандартқа», «мемлекеттік стандарттарға», «мемлекеттік стандарттарын» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандартқа», «ұлттық стандарттарға», «ұлттық стандарттарын» деген сөздермен ауыстырылды  (бұр.ред.қара);

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жергілікті соттарының», «жергілікті соттары» деген сөздер тиісінше «жергілікті және басқа да соттарының», «жергілікті және басқа да соттары» деген сөздермен ауыстырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

1-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері

 

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «QAZAQSTAN» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «QAZAQSTAN» деген жазу - алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні - осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.

 

2012.28.06. № 23-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін бекіту

Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының бейнесі (осы Конституциялық заңға 1-қосымша);

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі (осы Конституциялық заңға 2-қосымша);

3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы мен мәтіні (осы Конституциялық заңға 3-қосымша) бекітілсін.

 

 

2-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

 

4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану тәртібі

2012.28.06. № 23-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 370-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті түрде көтеріледі (тігіледі, орналастырылады):

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Құрылтайдың, Үкіметтің, Қазақстан Халық Кеңесінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық Соттың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттарының, Жоғары Сот Кеңесінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекеттің протоколдық практикасына сәйкес көлік құралдарында - ұдайы;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайы Төрағасының, Премьер-Министрдің, Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының, Конституциялық Сот Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті және басқа да соттары төрағаларының, Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкiлінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде - ұдайы;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырыстары, Қазақстан Республикасы Құрылтайының үйлестіру және жұмыс органдарының, Үкіметтің отырыстары, Қазақстан Халық Кеңесінің сессиялары өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттарының сот мәжілісі залдарында, Жоғары Сот Кеңесінің отырыс залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырысы залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда - ұдайы;

4) мемлекеттік органдардың ғимараттарында алғаш ашылған кезде, салтанатты жағдайда;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) егер халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайы Төрағасының, Премьер-Министрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда немесе үй-жайларда;

2015.28.10. № 370-V ҚР Конституциялық Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде);

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мінген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да қатынас құралдарында;

7) Қазақстан Республикасында тiркелген кемелердiң бұлқынындағы ту ретiнде - белгiленген тәртiппен;

8) Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен кемелерiнде - әскери жарғыларға сәйкес;

9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері күндерінде, ант қабылдау кезiнде;

10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу, ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде;

11) жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында - жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде;

12) Қазақстан Республикасына мемлекеттік және ресми сапарлармен келген шет мемлекеттердің мемлекет басшыларымен, парламенттері мен үкіметтерінің басшыларымен кездесу кезінде.

Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.

Ғимараттарға тұрақты тігілген Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұруға тиіс.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша тігілуі мүмкін.

Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының бейнесi міндетті түрде:

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) Қазақстан Республикасы Құрылтайдың, Парламенттің, Үкіметтің, Қазақстан Халық Кеңесінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттарының, Жоғары Сот Кеңесінің, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің веб-сайттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен;

2) Қазақстан Республикасының әуе кемелерінде, сондай-ақ ғарыш аппараттарында орналастырылады.

Мемлекеттік Тудың бейнесi өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін.

2023.19.04. № 222-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік Ту оның көлемiне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуге тиiс.

Мемлекеттік Ту ұлттық стандартқа сәйкес келмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ауыстырылуға және жойылуға тиіс.

Мемлекеттік Тудың бейнесiн қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар туларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды.

Мемлекеттік Тудың бейнесi Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларының, Ұлттық Банк банкноттары мен монеталарының элементі немесе геральдикалық негізі ретінде пайдаланылуы мүмкін.

4. Ұлттық аза тұтуға байланысты Мемлекеттік Ту ұлттық аза тұту мерзiмi ішінде тутұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн төмен түсiрiледi.

 

5-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және басқа да туларды Қазақстан Республикасының аумағында бір мезгілде пайдалану

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шет мемлекеттердің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың туларымен бір мезгілде көтергенде (тіккенде, орналастырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға тиіс.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды.

2. Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен бірдей болмауға тиіс.

2015.28.10. № 370-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді, консулдық мекемелерді, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен өкілдіктер пайдаланатын шет мемлекеттердің тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен бір мезгілде орналастырылады.

 

 

3-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

 

6-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану тәртібі

2015.28.10. № 370-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мемлекеттік Елтаңба міндетті түрде:

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясының, Құрылтайдың, Үкіметтің, Қазақстан Халық Кеңесінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттарының, Жоғары Сот Кеңесінің, Қарулы Күштердің құрамаларының, әскери бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелері басшылары резиденцияларының ғимараттарында - ұдайы;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайы Төрағасының, Премьер-Министрдің, Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының, Конституциялық Сот Төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті және басқа да соттары төрағаларының, Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкiлінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде - ұдайы;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырыстары, Қазақстан Республикасы Құрылтайының үйлестіру және жұмыс органдарының, Үкіметтің отырыстары, Қазақстан Халық Кеңесінің сессиялары өтетін залдарда, Конституциялық Соттың отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттарының сот мәжілісі залдарында, Жоғары Сот Кеңесінің отырыс залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырыстары залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда - ұдайы;

4) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) орналастырылады.

Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Елтаңбаны және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.

2015.28.10. № 370-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі міндетті түрде:

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 222-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Құрылтайы мен оның Аппаратының, Қазақстан Республикасы Құрылтайы Бюросының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Халық Кеңесінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттарының, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамаларының, әскери бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді, атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттік ұйымдардың мөрлері мен құжаттарының бланкілерінде;

2012.28.06. № 23-V ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) нотариустардың мөрлерiнде;

2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-2) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мөрлерінде;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Үкіметінің, Конституциялық Сотының және Жоғарғы Сотының ресми басылымдарында;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттары мен монеталарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарында;

4) Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жеке куәлікте, туу туралы куәлікте, паспортта және өзге де паспорттарда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінде;

5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына орнатылатын шекара бағаналарында;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді

6) Қазақстан Республикасы Президентінің, Құрылтайдың, Үкіметтің, Қазақстан Халық Кеңесінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттарының, Жоғары Сот Кеңесінің, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің веб-сайттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен орналастырылады.

Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін.

2023.19.04. № 222-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік Елтаңба оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуге тиіс.

Мемлекеттік Елтаңба ұлттық стандартқа сәйкес келмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ауыстырылуға және жойылуға жатады.

2015.28.10. № 370-V ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Осы Конституциялық заңда белгіленгеннен басқа жағдайларда мемлекеттік емес ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының бланкілерінде, мөрлерінде және басқа да реквизиттерінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін пайдалануға тыйым салынады.

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!