Все сервисы
Zanger
Тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 11 ақпандағы № 45-НҚ және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 54 Бірлескен бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 19 маусымда № 138-НҚ және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 25 маусымда № 205 Бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1 және 2-тармақтарын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою департаменті (М. Орынбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін:
1) оны белгіленген тәртіппен ресми жариялауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К. Құдайбергеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы |
Н. Алдабергенов |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Б. Сұлтанов |
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 45-НҚ және
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің

Добавить в список основных источников в Google