Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 109 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 12 қазанда № 7996 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 5 желтоқсанда № 799-801 (27872) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларында:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылардың тізімі Ұлттық Банктің ақпарат стендінде, жалпыға бірдей көру үшін қолжетімді орында, құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастырылады.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Егер конкурс нәтижесінде конкурстық комиссия Ұлттық Банк қызметшілерінің ұсынылған бос лауазымдарына кандидаттарды анықтамаса, Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасу Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Добавить в список основных источников в Google