Все сервисы
Zanger
Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 101 бұйрығы
(2023.20.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Бас Прокурорының 2026 жылғы 30 маусымдағы № 102 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Бас Прокурорының 2017.26.09. № 108 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Бас Прокурорының м.а. 2020.02.07. № 82 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Бас Прокурорының 2023.16.10. № 190 бұйрығымен (2023 ж. 20 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
ҚР Бас Прокурорының 2016.15.11. № 172 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Бас Прокурорының м.а. 2019.01.08. № 80 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.02.07. № 82 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
2) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелеріне, Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына, Бас әскери және көлік прокуратураларына, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана прокуратураларына, Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшiн жіберілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына жүктелсін.

Добавить в список основных источников в Google