Все сервисы
Zanger
Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығы
(2026.10.03. берілген өзгерістермен)
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адвокаттық қызметті жүзеге асыру мәліметтерінің нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына нотариаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметті жүзеге асыру мәліметтерінің нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | З. Баймолдина |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің орынбасары
А.Рау
2015 жыл 22 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е.Досаев
2015 жыл 27 қаңтар
ҚР Әділет министрінің 2026.25.02. № 190 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2026 ж. 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 20 қаңтардағы
№ 20 бұйрығына
1-қосымша
Адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың
тізбесі
Демо – версия документа