Все сервисы
Zanger
«Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 25 ақпандағы № 190 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10270 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1, 2, 3, 4-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Әділет министрі
2026 жылғы 25 ақпандағы
№ 190 бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 20 қаңтардағы
№ 20 бұйрығына
1-қосымша
Адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың
тізбесі
Демо – версия документа