Все сервисы
Zanger
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 261-НҚ бұйрығы
Осы бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 156-НҚ бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5 -тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Бірінші вице-министрі
2024 жылғы 19 маусымдағы
№ 261-НҚ бұйрығына
қосымша
_____________________________________________________________________
(Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес Мемлекеттік Елтаңбаның бейнеленуі)
_____________________________________________________________________
(техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган атауы)
_____________________________________________________________________
(техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосының атауы)
_____________________________________________________________________
Демо – версия документа