Все сервисы
Zanger
Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығы
(2026.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.17.08. № 282/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.28.05. № 265/НҚ бұйрығымен (2025 ж. 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026.08.07. № 393/НҚ бұйрығымен (2026 ж. 27 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В. Ярошенко):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;

Добавить в список основных источников в Google