Все сервисы
Zanger
Мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 шілдедегі № 604 Қаулысы
(2026.27.07. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар таратылсын.
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму, Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Энергетика министрліктері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға 1-қосымшаның 2-тармағын және 2-қосымшаның 2-тармағын, өзгерістердің 1-тармағының сегізінші абзацын, 2-тармағының сегізінші абзацын, 4-тармағының он бесінші абзацын, 7-тармағының бесінші, жетінші, он екінші, он бесінші абзацтарын;
2027 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға 1-қосымшаның 4-тармағын, 2-қосымшаның 1-тармағын, 3-қосымшаны, өзгерістердің 1-тармағының төртінші, бесінші абзацтарын, 2-тармағының алтыншы, он екінші абзацтарын, 4-тармағының алтыншы, он жетінші абзацтарын, 6-тармағының бесінші абзацын, 7-тармағының төртінші, он төртінші абзацтарын, 9-тармағының төртінші абзацын, 10-тармағының төртінші абзацын;

Добавить в список основных источников в Google