Все сервисы
Zanger
«Жоғары вольтті жабдықтардың қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 7 қарашадағы № 481 бұйрығы
Осы редакция 2026 жылғы 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Жоғары вольтті жабдықтардың қауіпсіздік талаптары» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | И. Шархан |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а.
2025 жылғы 7 қарашадағы
№ 481 бұйрығымен бекітілген
«ЖОҒАРЫ ВОЛЬТТЫ ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ»
техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы

Добавить в список основных источников в Google