Все сервисы
Zanger
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін орман иелену құқығымен беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 305 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес:
1) «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шелек орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауданы 12946 гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері;
2) «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Байғанин орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауданы 30000 гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері;
3) «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Орқаш орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауданы 56895 гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері;
4) «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауданы 16685 гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері;
5) «Жамбыл облысының әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ұланбел ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауданы 368086 гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері;
6) «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Үлкен Нарын орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауданы 87780 гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері;
7) «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауданы 3578,57 гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсіру, мемлекеттік орман қорының кешенді пайдаланылуын ұйымдастыру үшін орман иелену құқығымен берілсін.