Все сервисы
Zanger
«Су пайдаланудың 2027-2036 жылдарға арналған перспективалы лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 122-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 195-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Су пайдаланудың 2027-2036 жылдарға арналған перспективалы лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 122-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су пайдаланудың 2027-2036 жылдарға арналған перспективалы лимиттері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Министр | Н. Нұржігітов |
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің
2026 жылғы 1 шілдедегі
№ 195-НҚ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригациия министрінің
2025 жылғы 9 маусымдағы
№ 122-НҚ бұйрығына
қосымша
Су пайдаланудың 2027-2036 жылдарға арналған перспективалы лимиттері *
| № | Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың атауы | Өзеңдер, көлдер, теңіздер бассейндерінің атауы | Барлығы, миллион текше метр | оның ішінде, миллион текше метр | ||||
| Коммуналдық тұрмыстық және өнеркәсіптік мұқтаждықтар | Ауыл шаруашылығы | Балық барлығы шаруашылығы | Экологиялық мұқтаждықтар және өзгелер | |||||
| барлығы | оның ішінде тұрақты суаруға | |||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 1 | Астана қаласы | Есіл өзені | 198,0 | 195,0 | 2,0 | 1,0 | 1,0 | 0,0 |
| Жиыны | 198,0 | 195,0 | 2,0 | 1,0 | 1,0 | 0,0 | ||

Добавить в список основных источников в Google