Все сервисы
Zanger
Су пайдаланудың 2027-2036 жылдарға арналған перспективалы лимиттерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 122-НҚ бұйрығы
(2026.01.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған су пайдаланудың 2027-2036 жылдарға арналған перспективалы лимиттері белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Министр | Н. Нұржігітов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2026.01.07. № 195-НҚ бұйрығымен лимиттері жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригациия министрінің
2025 жылғы 9 маусымдағы
№ 122-НҚ бұйрығына
қосымша
Су пайдаланудың 2027-2036 жылдарға арналған перспективалы
лимиттері *
| № | Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың атауы | Өзеңдер, көлдер, теңіздер бассейндерінің атауы | Барлығы, миллион текше метр | оның ішінде, миллион текше метр | ||||
| Коммуналдық тұрмыстық және өнеркәсіптік мұқтаждықтар | Ауыл шаруашылығы | Балық барлығы шаруашылығы | Экологиялық мұқтаждықтар және өзгелер | |||||
| барлығы | оның ішінде тұрақты суаруға | |||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 1 | Астана қаласы | Есіл өзені | 198,0 | 195,0 | 2,0 | 1,0 | 1,0 | 0,0 |
| Жиыны | 198,0 | 195,0 | 2,0 | 1,0 | 1,0 | 0,0 | ||
| 2 | Ақмола облысы | Есіл өзені | 241,0 | 205,0 | 35,0 | 27,0 | 1,0 | 0,0 |
| Есіл-Ертіс өзен аралығы | 49,0 | 40,0 | 7,0 | 3,0 | 2,0 | 0,0 | ||
| Шағалалы өзені | 39,0 | 25,0 | 13,0 | 6,0 | 1,0 | 0,0 | ||

Добавить в список основных источников в Google