Все сервисы
Zanger
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы
Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 353 шешімі
(2026.13.03. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналар:
1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;
2) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Мәслихаттың «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 13 шешімінің (2016 жылғы 23 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6320 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | М. Оркашбаев |
| Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы | С. Кстаубаева |
Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2024.16.05. № 184 шешімімен (2024 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.25.02. № 434 шешімімен (2026 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Мәслихаттың
2020 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 353 шешіміне
1-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
| № | Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар |
| 1 | Қамысты ауылында Ержанов көшесіндегі орталық алаң |
| 2 | Қамысты ауылында Северная көшесіндегі «Юность» стадионы |
| Демонстрациялар, шерулер өткізу үшін арнайы маршрут | |