Все сервисы
Zanger
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қазандағы № 232 бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.01.07. № 372/НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.29.09. № 356/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.01.07. № 372/НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті (А. Хатиев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

Добавить в список основных источников в Google