Все сервисы
Zanger
«Электрондық үкімет» порталы арқылы «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 25 қарашадағы № 593/НҚ және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 382 бірлескен бұйрығы
7-тармаққа сәйкес 2026 ж. 31 мамырға дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобасы іске қосылсын.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін көрсету алгоритмі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына 2025 жылғы желтоқсан айының соңына дейін «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметі бойынша «Электрондық үкімет» порталын модификациялау жұмыстарын аяқтасын.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктері осы бірлескен бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдарының назарына жеткізсін.
5. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;