Все сервисы
Zanger
«Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саланың басқа да кәсіптері» кәсіптік стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 125 бұйрығы
Осы редакция 2026 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 109 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 64-бабының 7-тармағына және «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саланың басқа да кәсіптері» кәсіптік стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Министр | С. Жақыпова |
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің

Добавить в список основных источников в Google