Все сервисы
Zanger
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы
(2026.28.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026.16.09. № 258-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 28 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді және 2026 ж. 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.04.10. № 303 бұйрығымен (2023 ж. 7 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді және 2023 ж. 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара); 2025.23.01. № 12 бұйрығымен (2025 ж. 8 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 74 бұйрығымен (2025 ж. 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 7- қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

Добавить в список основных источников в Google