Все сервисы
Zanger
Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын алушы болып табылатын жеке тұлғаға кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін жеткізу үшін осындай тауарларды құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) әкету туралы мемлекеттік кірістер органын хабардар ету қағидаларын және электрондық сауда тауарларының қайтарылғанын растайтын құжаттарды ресімдеу және электрондық сауда операторының электрондық сауда тауарларының қайтарылуы туралы мемлекеттік кірістер органын хабардар ету қағидалары бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 10 қарашадағы № 767 бұйрығы
Осы редакция 2026 ж. 18 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 392-6-бабының 10 және 11-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын алушы болып табылатын жеке тұлғаға кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін жеткізу үшін осындай тауарларды құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) әкету туралы мемлекеттік кірістер органын хабардар ету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Электрондық сауда тауарларын қайтару мүмкіндігін қамтамасыз ету, электрондық сауда тауарларының қайтарылғанын растайтын құжаттарды ресімдеу және электрондық сауда тауарларын қайтару туралы электрондық сауда операторының мемлекеттік кірістер органын хабардар ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Добавить в список основных источников в Google