Все сервисы
Zanger
«Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 қаңтардағы № 3 Қаулысы
(2026.04.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2049 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - «Ақтөбе» АЭА) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Ақтөбе» АЭА туралы ереже;
2) «Ақтөбе» АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Үкіметінің
2025 жылғы 8 қаңтардағы
№ 3 қаулысымен
бекітілген
«Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2025.14.05. № 336 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2026.31.08. № 687 Қаулысымен (2026 ж. 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Ақтөбе облысында Ақтөбе қаласының оңтүстік бөлігіндегі «Оңтүстік айналма жол» айналма тасжолының бойында Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайын, сондай-ақ Ақтөбе облысы Алға, Байғанин, Мұғалжар және Хромтау аудандарындағы қосалқы аймақтарды қоса алғанда, 1610 гектар аумақта осы Ережеге қосымшаға сәйкес шекарада орналасқан.
АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
1) қазіргі заманғы жоғары өнімді, бәсекеге қабілетті өндірістерді жедел дамыту, қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін қалыптастыру, инвестициялар тарту, экономика салалары мен өңірлерге жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды арттыру;

Добавить в список основных источников в Google