Все сервисы
Zanger
«Төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді ұсыну нысанын және оларды ұсыну Қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 қарашадағы № 664 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 6 қарашадағы № 755 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді ұсыну нысанын және оларды ұсыну Қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 қарашадағы № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37351 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1 және 2-қосымшалары осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Добавить в список основных источников в Google