Все сервисы
Zanger
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 267 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 399-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Премьер - Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шарашылық министрі
Ө.Шөкеев
2018 жылғы 9 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е.Біртанов

Добавить в список основных источников в Google