Все сервисы
Zanger
Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/1 шешімі
Осы редакция 2022 ж. 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Сандықтау ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Ш. Докаев |
| Сандықтау аудандық мәслихатының хатшысы | Г. Кадырова |
Сандықтау аудандық мәслихатының
2021 жылғы 22 қаңтардағы
№ 2/1 шешіміне
1- қосымша
Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1) Балкашино ауылы, Абылай-Хан көшесі, «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жанындағы орталық алаң;

Добавить в список основных источников в Google