Все сервисы
Zanger
«Масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 263-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35283 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды».;
3, 4 және 5- тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
1-тармақтың сегізінші - он екінші абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

Добавить в список основных источников в Google