Все сервисы
Zanger
«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 15 маусымдағы № 145 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 478 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16301 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 116 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16837 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Добавить в список основных источников в Google