Все сервисы
Zanger
Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 136-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2022 жылғы 11 наурыздағы
№ 136-НҚ бұйрығымен бекітілген
Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да
тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

Добавить в список основных источников в Google