Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасында дәстүрлі медицина саласында медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 19 мамырдағы № 54 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында дәстүрлі медицина саласында медициналық көмек көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап Стандарттың 2-тармағының 14) тармақшасы, 16-тармақ, 18-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«14) медициналық цифрлық жүйе (бұдан әрі - МЦЖ) - денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін цифрлық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;»;