Все сервисы
Zanger
Су қорын пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрығы
(2025.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2026 ж. 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2025.14.10. № 264-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу жөніндегі құрылыстарда немесе құрылғыларда орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

Добавить в список основных источников в Google