Все сервисы
Zanger
Облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 298 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 306 шешімі
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 298 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 469 757 530,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 87 693 052,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 14 417 316,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 030 мың теңге;
арнаулы түсімдер - 20 410 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 347 236 131,9 мың теңге;
2) шығындар - 470 820 672,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -19 979 666,7 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 11 037 863 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 31 017 529,7 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 500 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 500 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 18 416 525,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 18 416 525,2 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 9 021 287 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 30 677 955,7 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 3 240 143,5 мың теңге.»;
мынадай мазмұндағы 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруға;
12) қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстауға;
13) қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіруге;
14) қаңғыбас жануарларды егу және зарарсыздандыруға.»;
мынадай мазмұндағы 10-1. тармақпен толықтырылсын:
Демо – версия документа