Все сервисы
Zanger
2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 298 шешімі
(2026.30.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2026.30.01. № 306 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 469 757 530,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 87 693 052,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 14 417 316,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 030 мың теңге;
арнаулы түсімдер - 20 410 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 347 236 131,9 мың теңге;
2) шығындар - 470 820 672,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -19 979 666,7 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 11 037 863 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 31 017 529,7 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 500 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 500 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 18 416 525,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 18 416 525,2 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 9 021 287 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 30 677 955,7 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 3 240 143,5 мың теңге.
2. 2026 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін:
Демо – версия документа