Все сервисы
Zanger
2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 298 шешімі
Осы редакция 2026 ж. 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 454 088 615 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 82 371 396 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 10 900 268 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 030 мың теңге;
арнаулы түсімдер - 18 410 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 342 405 921 мың теңге;
2) шығындар - 453 928 189 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -21 996 242 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 9 021 287 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 31 017 529 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 500 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 500 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 21 656 668 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -21 656 668 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 9 021 287 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 30 677 955 мың теңге.
2. 2026 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін:
1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша түсімдер Ақтөбе қаласы және аудандар бюджеттеріне толығымен есептеледі;
2) әлеуметтік салық бойынша түсімдер облыстық бюджетке толығымен есептеледі;
Редакция документа
Демо – версия документа