Все сервисы
Zanger
Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығы
Осы редакция 2026 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның электрондық түрдегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр полиция генерал-лейтенанты | Е. Саденов |
Ішкі істер министрі
2026 жылғы 17 наурыздағы
№193 бұйрықпен бекітілген

Добавить в список основных источников в Google