Все сервисы
Zanger
Талдықорған қаласы әкімінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 5 «Талдықорған қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жетісу облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 6 шешімі
ШЕШТІМ:
1. Талдықорған қаласы әкімінің «Талдықорған қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» 2020 жылғы 13 тамыздағы № 5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5605 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Талдықорған қаласының әкімі | Е. Бәзіл |
«КЕЛІСІЛДІ»
Талдықорған қаласының
аумақтық сайлау комиссиясы
Талдықорған қаласы әкімінің
2023 жылғы 10 қазандағы
№ 6 шешіміне қосымша
№ 381 сайлау учаскесі
Орталығы: Талдықорған қаласы, Ә. Әлімжанов көшесі, 20, «Жетісу облысының білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің»№ 27 орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (оңтүстік қанаты).
Шекараларында: Талдықорған қаласы, «Красный камень» бағбандар тұтынушы кооперативі;
№ 382 сайлау учаскесі
Орталығы: Талдықорған қаласы, Ә. Әлімжанов көшесі, 20, «Жетісу облысының білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің»№ 27 орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (солтүстік қанаты).
Шекараларында: Талдықорған қаласы, «Мерекелік», «Ключи», «Сарыарқа» бағбандар тұтынушы кооперативтері;
№ 383 сайлау учаскесі
Орталығы: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 180, «Жетісу облысының білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің»№ 25 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (оңтүстік қанаты).
Демо – версия документа