Все сервисы
Zanger
Блокчейн қолдана отырып, ұйымдардың платформасы арқылы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 19 сәуірдегі № 165/НҚ және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 276 бірлескен бұйрығы
8-тармаққа сәйкес он екі ай ішінде қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Блокчейн қолдана отырып, ұйымдардың платформасы арқылы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі - пилоттық жоба) іске асырылсын.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес блокчейн қолдана отырып, ұйымдардың платформасы арқылы жылжымайтын мүлік кепілі шарты негізінде құқық ауыртпалықтарын тіркеу алгоритмі бекітілсін.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін платформалар ұсынатын пилоттық жобаға қатысу үшін ұйымдарға:
1) «Smart Bridge» арқылы дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылаудың сервисіне (бұдан әрі - ДҚБ сервисі) қосылуды қамтамасыз етсін;
2) Пилоттық жоба шеңберінде қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес, ДҚБ сервисі арқылы дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алуды қамтамасыз етсін.

Добавить в список основных источников в Google