Все сервисы
Zanger
Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің мәйітін тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 26 ақпандағы № 47/қе бұйрығы
(2026.15.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026.30.07. № 71қе бұйрыымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 19-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің мәйітін тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Добавить в список основных источников в Google