Все сервисы
Zanger
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығы
(2022.03.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.03.08. № 290 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

Добавить в список основных источников в Google