Все сервисы
Zanger
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 373 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 46 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9748 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 19 қаңтардағы

Добавить в список основных источников в Google