Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 11-1-4/622 бұйрығы
Осы редакция 2026 жылғы 1 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 22-бабының 2-2-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже);
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Ереженің 15-тармағының 30) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін:

Добавить в список основных источников в Google