Все сервисы
Zanger
Орта білім беру ұйымдарында 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 29 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2026-2027 оқу жылының басталуы мен аяқталуының мынадай мерзімдері айқындалсын:
2026 жылғы 1 қыркүйек - 2027 жылғы 25 мамырды қоса алғанда:
1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:
1-тоқсан - 8 оқу аптасы, күзгі демалыс - күнтізбелік 7 күн (2026 жылғы 26 қазаннан бастап 1 қарашаны қоса алғанда);
2-тоқсан - 8 оқу аптасы, қысқы демалыс - күнтізбелік 14 күн (2026 жылғы 28 желтоқсаннан бастап 2027 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда);
3-тоқсан - 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс - күнтізбелік 7 күн (2027 жылғы 22-28 наурызды қоса алғанда);
1-сыныптарда қосымша демалыс - күнтізбелік 7 күн (2027 жылғы 8-14 ақпанды қоса алғанда):
4-тоқсан - 8 оқу аптасы.
2. Қорытынды аттестаттаудың мынадай мерзімдері бекітілсін:
9 (10)-сынып білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары - 2027 жылғы 31 мамырдан бастап 11 маусым аралығында;
11 (12)-сынып білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары - 2027 жылғы 1-17 маусым аралығында.
3. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:
9 (10)-сынып білім алушылары үшін:
1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан - 2027 жылғы 31 мамыр;
2) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) - 2027 жылғы 3 маусым;

Добавить в список основных источников в Google